Тоғызқұмалақтан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы

Тоғызқұмалақтан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы

Білім алушылар арасында тоғызқұмалақты дәріптеу, олардың ұлттық спорт түрлері бойынша шеберлігін арттыру мақсатында 2024 жылғы 19 сәуірде Өскемен көпсалалы технология колледжі базасында 2-11 сынып оқушылары үшін тоғызқұмалақтан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.

Жарысқа Өскемен қаласының, Зайсан, Қатонқарағай, Күршім, Самар, Тарбағатай, Ұлан аудандарының және Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейінің командалары қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте жеңіске жетті:

Ұлдар арасында:

І орын – Зайсан ауданының командасы;

ІІ орын – Өскемен қаласының командасы;

ІІІ орын – Ұлан ауданының командасы.

Қыздар арасында:

І орын – Өскемен қаласының командасы;

ІІ орын – Күршім ауданының командасы;

ІІІ орын – Ұлан ауданының командасы.

Спортшыларды жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жетістіктер тілейміз!