Орта білім ұйымдарында экстремизм мен терроризмнің алдын алу

Орта білім ұйымдарында экстремизм мен терроризмнің алдын алу

2024 жылғы 19 сәуірде ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ «Орта білім беру ұйымдарындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу»  тақырыбында ҚР ҰҚК психологы, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының құрметті профессоры Шакимова Лола Сергеевнаның, сарапшы Біләлов Серікбол Арғынғазыұлы және ШҚО дін істері басқармасының «ШҚО дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ теологы Қасымжанов Бекжан Жұманұлы қатысуымен облыстық семинар өткізді. Семинарға 700-ден астам директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, педагог-психологтар, облыстың мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтары қатысты.

Семинар қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар берілді:

  • балаларды толыққанды әлеуметтендіруді қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын жаңа деңгейге көтеру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл, балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, экстремистік және террористік топтардың балаларды тартуы мен қанауы бойынша жүйелі шараларды жүзеге асыру қажет;
  • кәмелетке толмағандар арасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуды ересектермен қатар жүзеге асыру қажет, өйткені балалар ата-аналарының, үлкендердің, әлеуметтік ортаның әрекетін қайталайды;
  • жастарды ақпараттық сауаттылық дағдыларына, соның ішінде желідегі ақпараттың дұрыстығын тексеру, жалған жаңалықтар мен үгіт-насихат материалдарын тану дағдыларына үйрету маңызды.