«Білім берудің қазіргі заманғы сапасын қамтамасыз ету шарты ретінде мектеп кітапханаларын жаңғырту» облыстық практикалық семинары

«Білім берудің қазіргі заманғы сапасын қамтамасыз ету шарты ретінде мектеп кітапханаларын жаңғырту» облыстық практикалық семинары

ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 18 сәуірде «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру аясында «Білім берудің қазіргі заманғы сапасын қамтамасыз ету шарты ретінде мектеп кітапханаларын жаңғырту» облыстық практикалық семинарын өткізді.

Семинарға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің кітапхана ісі бойынша әдіскерлері, жалпы білім беретін мектептердің, облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдарының кітапханашылары қатысты (50 адам).

Семинардың мақсаты - мектеп кітапханасын жаңғырту арқылы оқушылар мен педагогтерге ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсете отырып білім беру процесінің міндеттерін тиімді жүзеге асыруда әдістемелік қолдау.

ШҚО ББ «Риддер қаласы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы Микульская Любовь Николаевна қала бойынша жаңғыртылған мектеп кітапханаларының жұмысы туралы ақпарат берді.

Семинар барысында ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша білім бөлімі мектептерінің мамандары:

«№2 орта мектеп» КММ кітапхана меңгерушісі Кузнецова Наталья Петровна және кітапханашы Берікболова Жансая Берікболқызы «Модернизация школьной библиотеки как условие обеспечения современного качества образования»;

«№5 орта мектеп» КММ кітапхана меңгерушісі Облезова Ольга Тимофеевна «Тайм - менеджмент в школьной библиотеке. Реализация проекта «Читающая школа» с использованием цифровых инструментов и электронных ресурсов. Автоматизация школьных библиотек»;

«№10 орта мектеп» КММ кітапхана меңгерушісі Медведева Лариса Юрьевна «Работа клуба «Книгочей»;

«№1 мектеп-лицейі» КММ кітапхана меңгерушісі Шамонаева Лариса Семёновна «Проект «Семейное чтение»;

«№16 орта мектеп» КММ кітапхана меңгерушісі Калмакпаева Кулзипа Мухтаровна «Мектеп кітапханасы жұмысының заманауи әдіс-тәсілдер тиімділігі»;

«№12 орта мектеп» КММ кітапхана меңгерушісі Иманжанова Толкын Сериккалиевна «Литературно-исследовательский проект по повести Оралхана Бокея «Человек-олень» в рамках проекта «Читающая школа»;

«Д. Қонаев атындағы №3 орта мектеп» КММ кітапхана меңгерушісі Казицкая Оксана Филипповна «Образовательные ресурсы школьных библиотек в формировании интеллектуального потенциала учащихся в рамках проекта «Читающая школа» тақырыптарында шеберлік сыныптар, кітапханалық практикум, клубтық жұмыс, жобалық жұмыстар көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға еркін микрофонда алғыстарын білдіріп, ұсынылған баяндамалардан алған әсерлерімен бөлісті.

Мектеп кітапханашыларына «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру мақсатында жүргізілген жұмыстар YouTube, TikTok – каналдарына, Instagram, Facebook желілеріне тұрақты түрде жарияланып тұруы ұсынылды.