«Мұғалімнің кәсіби дамуына тәлімгерлік жұмыстың ықпалы» облыстық практикалық семинары

«Мұғалімнің кәсіби дамуына тәлімгерлік жұмыстың ықпалы» облыстық практикалық семинары

2024 жылғы 17 сәуірде ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Ю. Гагарин атындағы орта мектебі» КММ базасында «Мұғалімнің кәсіби дамуына тәлімгерлік жұмыстың ықпалы» атты облыстық практикалық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты: тәлімгерлік жұмыс негізінде мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін инновациялық технологиялар арқылы жетілдіру жолдарын ұсыну, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру. Ю. Гагарин атындағы орта мектебі мұғалімдерінің тәжірибесін тарату.

Семинар жұмысына Катонқарағай, Күршім, Самар, Тарбағатай, Зайсан аудандарының мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог- тәлімгерлер және жас педагогтер, жиыны 67 адам қатысты.

Іс-шара үш бөлім негізінде ұйымдастырылды. Бірінші «Ашық сабақтар» бөлімінде мектеп директоры «Мен директор» тренингін өткізіп, мектеп жетістігімен таныстырды. Мұғалімдер бағыттар бойынша ашық сабақтарын көрсетті және мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары педагогтің кәсіби шығармашылығын жетілдіру мақсатындағы «Мұғалімнің кәсіби дамуын сүйемелдеу» жұмыс жүйесі моделі негізінде жүзеге асырылып жатқан «Тәлімгер», «Жас маман», «Ізденіс», «Озық іс-тәжірибе» жобаларымен таныстырды.

Екінші, «Жоба-педагогикалық практиканың ажырамас және маңызды құрамдас бөлігі» бөлімінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, , білім сапасын арттыру мақсатында оқу-тәрбие үрдісінде қолданылылып жүрген мұғалімдердің «Саламатты Қазақстан», «Физика инфографиясы», «Развитие речи», «Химия қақпасы», «Менің өлкем», «Геймификация», «Өлкемнің 30 әні», «Даналық мектебі» тақырыптарында жобалары практикалық тұрғыда көрсетілді.

Үшінші «Тағылымды тәлімгер-жас маманның зергері» ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері орта білім беру ұйымдарында тәлімгерлікті жетілдіру бойынша әдістемелік ұсынымдар туралы мәлімет жасады.

Семинар соңында «Еркін микрофон» форматында ұйымдастырылған кері байланыста қатысушылар ойларымен бөлісіп, спикерлердің тәжірибелерінен алған білімдерін жұмыстарында қолданатынын атап, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.