ҮББ-4 жобалық кеңсесі өкілдерінің және ШҚО әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің қатысуымен 2024 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» үлгілік базалық бағыттың жүзеге асырылуы (ҮББ-4) бойынша семинар-кеңес

ҮББ-4 жобалық кеңсесі өкілдерінің және ШҚО әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің қатысуымен 2024 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» үлгілік базалық бағыттың жүзеге асырылуы (ҮББ-4) бойынша семинар-кеңес

2024 жылдың 16 сәуірінде ҮББ-4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» жобалар тобы Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілімен бірлесіп, 2024 жылға арналған ҮББ-4 жобалар Картасының міндеттерін орындауды ұйымдастыру мәселесі бойынша семинар-кеңес өткізді. Семинарға ШҚО білім басқармасының өкілдері, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары мен облыстық білім ұйымдарының және білім басқармасына бағынысты орталықтардың басшылары, сонымен қатар комплаенс-офицерлер қатысты. Оқыту пәні 2024 жылы ТБН-4 жобасын уақтылы және сапалы іске асыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу әдістемесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің, оның ішінде мемлекеттік қызметке алғаш рет кіргендердің «Documentolog» АЖ-де «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негіздері, Қазақстан Республикасының  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптары» сыбайлас жемқорлыққа қарсы онлайн-курстан өз бетінде өтуі және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормалары мен стандарттары, қызметтік этиканы бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелері болды. Оқыту слайдтарды көрсетілуімен сүйемелденді. Қатысушылар семинарға белсенді қатысты.