«Оқушылардың тарих пәні бойынша жобалық қызметін ұйымдастыру тәжірибелік онлайн-семинар

«Оқушылардың тарих пәні бойынша жобалық қызметін ұйымдастыру тәжірибелік онлайн-семинар

Зерттеу жұмысымен, жобаларды жазумен айналысу оқушылардың аналитикалық ойлау дағдыларын, шешім қабылдау қабілетін дамытады, оқушыларға өз армандарын жүзеге асыруға және ғылым мен техниканың жетістіктерін табуға көмектеседі, оларды ізденуге итермелейді.

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 16 сәуірде  жылдық жоспарға сәйкес «Оқушылардың тарих пәні бойынша жобалық қызметін ұйымдастыру» тақырыбында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің «Тарих» пәнінің жас мұғалімдерімен қазақ және орыс тілінде тәжірибелік онлайн семинар өткізді.

Семинарға аудан, қалалық білім бөлімдерінің тарих пәнінің әдіскерлері, пән ассоциациясы жетекшілері, жалпы орта білім беру ұйымдарының жас пән мұғалімдері құрамынан  барлығы 100 педагог қатысты.

 Әдістемелік тәжірибелік семинардың мақсаты: - оқушылардың ғылыми-зерттеушілік жоба жұмыстарын сауатты әрі ғылыми тұрғыдан тиімді ұйымдастыруда жас педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету.

Семинар спикерлері:

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Р.Мәрсеков атындағы орта мектеп» КММ тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, Ахметова Нарзангуль Айтбаевна «Қазіргі жағдайда тарихты оқыту: педагогикалық жобадан тәжірибеге дейін»;

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Шемонайха ауданы бойынша білім бөлімінің «Октябрь жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы» кешені» КММ тарих пәні мұғалімі, педагог-модератор Куржумбаева Лейла Жумагалиевна «Проектная деятельность на уроках истории в 5-11 классах во внеурочное время как способ формирования познавательного интереса учащихся.»;

ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің  «Меновное орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Березовикова Ирина Даминовна «Диссеминация опыта проектной деятельности учителя истории»;

ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№35 орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі, Кошенова Әсел Сейсембайқызы «Сапалы эссе жазу ұсыныстары» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Тәжірибелік онлайн-семинар аясында қатысушылармен оқушылардың ғылыми жоба жұмысын ұйымдастырудың практикалық мазмұны қарастырылды. Жоба жұмысын құрастыруда жетекші мен оқушы ескеретін мәселелер және туындайтын қиындықтар аталып, мысалдар келтірілді, жоба жұмыстары талданды. Сондай-ақ жоба өнімінің түрлері және тайм-менеджментті сақтау ерекшеліктері бойынша практикалық кеңестер берілді.

 Семинар соңында «3 Қ» стратегиясы арқылы  кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар бір қызықты, бір құнды және бір қиын мәселелерін атап, ғылыми-зерттеушілік жұмыстарды ұйымдастыру бойынша теориялық және әдістемелік білімін жетілдірудегі тәжірибелері бойынша пікір алмасты.