2024 жылғы 4 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «Арман-ПВ» баспасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешенімен таныстыру мақсатында кездесу ұйымдастырды.
Кездесу аясында «Арман-ПВ» баспасының өкілдері: п.ғ.к.,доцент, профессор,авторлар мектебінің басшысы Бижан Құрманғалиқызы Игенбаева, кеңесші Светлана Багитқызы Испусинова мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру ұйымдарына арналған 2024-2025 оқу жылына оқу-әдістемелік кешендерімен таныстыру жасады.
Әзірленген оқу-әдістемелік кешен балалар кітапханасына арналған басылымдардың 114 атауынан, әдістемелік құралдардан, дидактикалық ойындардан және балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып материалдардан тұрады.
Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылды. Қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті.