ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2024 жылдың 29 наурыз күні көктемгі каникул мектебі жоспарына сәйкес оқыту тілі қазақ тіліндегі мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті (Т1) пәні мұғалімдеріне арналған облыстық «Шеберлік сынып - педагогикалық тәжірибені тарату технологиясы» атты шеберлік сыныбын «Облыстық мамандандырылған Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия-интернаты» КММ базасында өткізді.
Іс-шараның мақсаты – қатысушылардың кәсіби шеберлігі мен біліктілігін арттыру, озық педагогикалық тәжірибені тарату, 5-8,10 сынып білім алушыларын аралық аттестаттауға дайындау әдістерін, пәнді оқытуда жаңа әдістерді енгізу жолдарын ұсыну.
Шеберлік сыныпта республикалық «Үздік педагог-2023» байқауының жеңімпазы, облыс әкімінің қолдауымен өткен «Үздік тіл пәндерінің мұғалімі - 2023» байқауының жеңімпаздары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің «педагог-шебер» санатты мамандары пәнді оқытудың өзекті мәселелері мен технологияларын қолданудың түрлі аспектілері, заманауи тәсілдерді практикада қолданудың авторлық әдістері, әдіс-тәсілдерді ұтымдылығы мен тиімділігі, пәндік байқауларға қатысу талаптары мен шарттарын ұсынды:
Мукашева Меруерт Козыкановна, «Облыстық мамандандырылған Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия-интернаты» КММ «Үздіктен үйрен» жеңімпаз педагогтің іс-тәжірибесінен;
Муратова Еркежан Кумаркановна, «Шығыс-Қазақстан облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту үдерісіне ББЖМ дайындығын кіріктіру жолдары»;
Карменова Бахытжамал Базылрахмановна, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Меновное орта мектебі» КММ «Оқу сауаттылығы - озық ойлаудың көрсеткіші»;
Болаева Айнур Кантаевна, Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Қ.Қайсенов атындағы орта мектебі» КММ «Бірге оқимыз: оқушыларды көркем шығарма оқуға қызықтыру жолдары»;
Ахмерова Ергуль Токановна, Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Өрел орта мектебі» КММ «Қазақ әдебиеті пәнін оқытуда өлкетану материалдарын қолдану әдістері»;
Жумукенова Лайла Какеновна, Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Калжыр орта мектебі» КММ «Білім алушылардың креативті ойлау дағдыларын дамыту әдістері»;
Коканова Гульжанат Турсбековна, Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ «Сабақты зерттеу - тәжірибені жетілдірудің тиімді жолы».
Шеберлік сынып бойынша ұсынылған тақырыптар зерделенді, нәтижелер талқыланды, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, шешуі бойынша ұсыныстар айтылды. Кері байланыс жасалды.