«Оқу үдерісінде жасанды интеллекті қолдану» облыстық кеңесі

«Оқу үдерісінде жасанды интеллекті қолдану» облыстық кеңесі

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында жаратылыстау-математикалық бағыттағы педагогтер үшін «Оқу үдерісінде жасанды интеллекті қолдану» тақырыбында облыстық кеңес өткізді.

Іс-шараға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің жаратылыстану-математикалық бағыты пәндерінің әдіскерлері, ЖМБ пәндері ассоциация төрағалары және облыстың жалпы білім беретін мектептерінің математика, информатика, физика, химия және биология пәндерінің мұғалімдері қатысты.

Кеңестің пленарлық бөлімінде:

  • С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің PhD докторы, IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің деканы С.С.Адиканова жасанды интеллект технологияларын пайдаланудың негізгі түрлері мен мүмкіндіктері туралы түсіндірме берді.
  • Д.Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебінің аға оқытушысы, ақпараттық технологиялар саласындағы құзыреттер және технологиялар трансфері орталығының басшысы Р.К.Четтыкбаев технологиялық шешімдерді (электронды оқулықтар, интерактивті тақталар және т.б.) және педагогикалық қызметтің өзін өзгертуді қамтитын инновациялық цифрлық білім беру технологиялары туралы айтты.

- Д.Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің PhD докторы, қауымдастырылған профессоры И.М. Увалиева білім беру процесінде жасанды интеллект технологиясын қолдану мүмкіндіктерімен бөлісті.

Кеңес жұмысы жеке пәндер бойынша секциялық алаңдарда жалғасын тапты.

Секциялық алаңдардың жұмысында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән мұғалімдері сабаққа дайындық кезінде жасанды интеллект құралдары туралы және оқытуда PBL форматын қолдану, сондай-ақ Copilot,Quiz Wizart және т. б. бағдарламалар арқылы жасанды интеллектті қолдану бойынша шебер сыныбын көрсетті.

Кеңес қорытындысы бойынша секциялық алаңдардағы жұмыстардың нәтижелері бойынша пікірлер тыңдалып, жұмысты жалғастыру үшін ұсынымдар қабылданды.

Кеңеске барлығы 260 адам қатысты.