ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2024 жылғы 19 наурызда ШҚО ББ Алтай қаласы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласы № 6 орта мектебі» КММ базасында директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Дарынды балалармен жұмыс -бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру факторы ретінде» тақырыбында облыстық семинар-практикумы өтті.
Семинардың мақсаты - дарынды балалармен жұмыс жасауда білім беру ұйымдарының алдында тұрған міндеттерді тиімді жүзеге асыруға ықпал ететін педагогтердың кәсіби құзыреттілігін арттырудағы басқару жүйесін ұсыну.
Семинар барысында Алтай қаласы мектептері директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары оқушылардың бәсекеге қабілетті тұлғасын қалыптастыру, олардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту мақсатында нновациялық білім беру технологиялары негізінде дарынды балалармен жұмыс істеудегі оқу ісі орынбасарларының басқару мәдениетінің деңгейін арттыру және пәндердің оқытылуы барысында дарынды баламен жұмыс істеудің ерекшеліктері бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті
Баяндамашылар жұмыстың әдістемелік жүйесін құру және жетілдіру арқылы оқушылардың дарындылығын дамыту бойынша мектеп қызметін талдаудың тиімді жолдарын көрсетті.
Шарада «Стенд -моб» көрме аясында «Табыс аумағы», «Оқушылардың ғылыми қоғамы», «STEAM жобалары, инженерлік сыныптар және ІТ-технологиялар» жобалары негізінде Алтай қаласындағы С.Нұрмағанбетов атындағы орта мектебі, №11, № 6, №7 орта мектептері директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары дарынды балалармен жұмыс жасаудың тиімді жолдарын көрсетті. Химия, биология, математика, физика, орыс тілі , ағылшын тілі және қазақ тілі пәндері бойынша 9 мұғалім ашық сабақтар ұсынды, 6 мұғалім шеберлік сыныбын өткізді.
Семинар соңында «Еркін микрофон» әдісі арқылы қатысушылар семинардың құндылығын атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.