
ШҚО ББ «ÖRKEN» өңірлік орталығы 2024 жылдың 14 наурызында ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№14 арнайы мектеп-балабақшасы» КММ базасында «Қызықты қазақ тілі» оқу-әдістемелік кешені – балабақ шаларға» тақырыбында семинар өткізді.
Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптардың тәрбиеленушілеріне мемлекеттік тілді меңгерту мәселелері бойынша педагогтерге әдістемелік көмек көрсете отыра, қазақ тілінің өркендеуіне үлес қосуларына ынталандыру.
Семинарды балабақша бүлдіршіндері «Бір шаңырақ астында!» атты ән-шашуларымен ашып, ШҚО ББ «ÖRKEN» өңірлік орталығы» КММ мектепке дейінгі тәрбие бойынша әдіскері Кырыкбаева Айгүл Қадылбековна семинар тақырыбында баяндама жасап, облыс әкімінің 16.01.2023 жылғы № 1-13 хаттамалық тапсырмасының 7.2 тармағы негізінде облыстың алдыңғы қатарлы қазақ тілі мұғалімдерінен жұмыс тобы құрылып, 2023 жылдың ақпан айынан бастап өзге тілдегі балабақша педагогтері мен тәрбиеленушілеріне арналған «Қызықты қазақ тілі» оқу-әдістемелік кешенін құрастырып, ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған валеологиялық мектеп-кешені» КММ апробациядан өтіп, білікті мамандар оңды пікір жазып, облыстық сараптама кеңесі бекітіп, бүгінгі күні мектепке дейінгі мекеме мамандарына әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынылып отырылғаны туралы айтып өтті.
ШҚО ББ «ÖRKEN» өңірлік орталығы директорының орынбасары Абетаева Гульнара Зекеновна оқу-әдістемелік кешеннің тұсауын кесіп, семинарға қатысушыларды құттықтап, еңбектеріне толағай табыс тіледі.
Семинар барысында аталған мектеп-балабақшамен таныстырылым жасалынып, әдістемелік көрме ұйымдастырылып, педагогтері озық тәжірибелерімен бөлісті:
Алимбаева Шайзада Киноятовна, Жапенева Альбина Тайкеновна - «Тиімді жұмыс формалары мен тифлопедагогикалық технологияларды пайдалана отырып қазақ тілін оқыту» тақырыбында шебер-сынып; Жунусбекова Анар Жанибековна, Агзамова Сандугаш Аблайканкызы – мектепалды даярлық топтарында ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттер; Костырка Валентина Федоровна «Позитивті эмоци ялар – жұмыстағы жетістік» тақырыбында психологиялық тренинг.
Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылды. Қатысушылар ой бөлісіп, пікір алмасып, ұсыныстар қабылданды. Семинарға облыстың мектепке дейінгі ұйымдарының 60 педагогтері қатысты.