
2024 жылдың 28 ақпаны күні оқушылардың робототехника, бағдарламалау, және үшөлшемді компьютерлік модельдеу технологиясын меңгеру және қолдану саласындағы шығармашылық интеллектуалдық қабілеттерін қалыптастыру мақсатында «SKILLS FOR GEEKS» облыстық чемпионатының аудандық кезеңі «Абай атындағы орта мектебі» КММ де өткізілді.
Чемпионатқа 10 команда, 76 оқушы қатысты. Командалар 10+ және 14+ жасерекшеліктері бойынша сайысқа түсті.
Чемпионаттың аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша облыстық чемпионатқа жолдама алған оқушылар:
10+ жасерекшелік бойынша:
Сызық бойымен жарыс – «М. Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернат-колледжі», Рысбеков Ернұр
Кегельринг – «Абай атындағы орта мектебі» КММ, Рахметолла Елнұр
3D модельдеу – «A.Байтұрсынов атындағы орта мектебі» КММ, Амантай Жандос, Жасұланқызы Зере
Бағдарламалау – «Абай атындағы орта мектебі» КММ, Абилмажинова Айназ, Бақытхан Ералы
14+ жасерекшелік бойынша:
Танк биатлоны – «Қ.Билялов атындағы мектеп-лицейі» КММ, Рахаділұлы Ералы
Кегельринг квадро – «A.Байтұрсынов атындағы орта мектебі» КММ, Ерлан Сұңқар.
3D модельдеу – «A.Байтұрсынов атындағы орта мектебі» КММ, Серіков Саят, Ерланқызы Нұрсәуле.
Бағдарламалау – «М. Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернат-колледжі», Ринат Айша, Дінмұқанбетова Гүлнұр.