Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімнің кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында 2024 жылдың 4-6 наурыз аралығында Алматы қаласында «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының аймақтық кезеңі жеңімпаздары атанған жас мұғалімдердің арасында байқау өтті.
Аталған педагогикалық Олимпиаданың республикалық кезеңіне республикамыздың әр аймағындағы білім беру ұйымдарының 0-5 жыл еңбек өтілі бар тәлімгер, психолог, педагог қатарынан 180 – нен астам мұғалім қатысты.
Олимпиада барысында сайысқа түскен жас ұстаздар заманауи талаптарға сәйкес білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін, өздерінің кәсіби іс-тәжірибелерін, жұмыс жүйесінде қолданып жүрген идеялары мен жобаларын көрсетті.
Республикалық байқау комиссиясың қатысушылардың кәсіби шеберліктерін, заманауи талаптарды игерулерін, коммуникативтіліктері мен мамандығы туралы ойының қалыптасу деңгейлерін бағалау нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғаған 8 педагогтің 6 жеңімпаз және жүлдегерлер атанды.
Комиссия шешімі бойынша:
І орын
ІІ орын
ІІІ орын
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» ҰҒПО-ның І,ІІ,ІІІ дәрежелері дипломдарымен марапатталды.
Республикалық педагогикалық олимпиадада Шығысымыздың намысын бермеген жас мұғалімдерімізді жеңістерімен құттықтаймыз, шығармашылық табыс тілейміз!