«BilimKids» платформасын таныстыру бойынша семинар өткізілді

«BilimKids» платформасын таныстыру бойынша семинар өткізілді

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасымен 2024 жылғы 4 наурызда «Bilim Land» ЖШС өкілдерімен бірге «BilimKids» платформасын таныстыру бойынша семинар өткізілді.

BilimKids платформасы – әдістемелік материалдардың мол қорын ұсынатын мектепке дейінгі ұйымдарға арналған цифрлық ресурс. Цифрлық платформа арқылы мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін жүйелі ұйымдастыруда әдістемелік қолдау қамтамасыз етіледі, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың нысандарын жүргізуде, сонымен қатар, мемлекеттік аттестацияға дайындық кезінде құжаттарды ретке келтіру бойынша көмек көрсетіледі.

Семинарға қалалық және аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, облыстың мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарының директорлары мен әдіскерлері қатысты.

«Bilim Land» ЖШС әдіскері Светлана Темірғалиева семинарға қатысушыларды «BilimKids» платформасымен таныстырып, материалдардың мазмұнын нақтырақ таныстырды.