
2024 жылдың 22-23 ақпанында Астана қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты - бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын жетілдіру. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуеті мен педагогикалық шеберлігін дамыту, мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру.
Олимпиадаға 19 облыстан 163 бастауыш сынып мұғалімдері математика пәні бойынша тест, логикалық тапсырмаларды орындап, білімдерін сынады.
Шығыс Қазақстаннан барған 8 бастауыш сынып мұғалімі жоғары көрсеткіш көрсетіп, командалық ІІ орынға ие болды.
Республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасынан жүлделі орындар иеленген бастауыш сынып мұғалімдері:
І орын - Нургалиева Аккербез Сейфоллақызы, ШҚО білім басқармасының Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Сарытерек орта мектебі» КММ;
І орын - Борисова Наталья Геннадьевна, ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№34 мектеп-лицейі» КММ;
ІІІ орын - Горбачёва Светлана Анатольевна, ШҚО білім басқармасының Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Белоусовка бастауыш мектеп-балабақша кешені» КММ;
ІІІ орын - Худякова Ольга Юрьевна, ШҚО білім басқармасының Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының №11 орта мектебі» КММ;
ІІІ орын - Калиева Сауле Турсуновна, ШҚО білім басқармасының Күршім ауданы бойынша «Бірлік негізгі орта мектебі» КММ;
ІІІ орын - Тятова Ирина Владимировна, ШҚО білім басқармасының Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Алтай қаласының орта мектебі» КММ.
Ибрагимова Гульмира Серикбаевна, ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№7 орта мектебі» КММ және Лагутина Ирина Михайловна, ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған валеологиялық мектеп кешені» КММ мұғалімдері жақсы көрсеткіштері үшін грамотамен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Сәттілік, шығармашылық тілейміз!