ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы Педагогикалық шеберлік орталығы Өскемен қаласы филиалымен бірлесіп ағымдағы жылдың 26 қаңтарында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің сабақта қосымша материалдарды пайдалану бойынша педагогтерге әдістемелік қолдау жұмысын жандандыру тапсырмасын орындау мақсатында облыстық білім беру ұйымдарының тарих пәні мұғалімдеріне «БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын құрастыру ерекшеліктері», «Важные аспекты составления заданий для критериального оценивания по предмету всемирная история» тақырыптарында онлайн-вебинар өткізді.
Вебинар барысында Өскемен қаласы ББ «№36 орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі, ПШО тренері Кайкубаева Г.Ж. өз кезегінде төрт негізгі акцентте нормативтік база, тапсырмалар әзірлеудегі алгоритмі мен ерекшеліктері, әдеттегі тәукелдер туралы мысалдар келтіре отырып мен практикалық тұрғыда таныстырылым жасады.
Педагогикалық шеберлік орталығының сертификатталған тренері Адильжанова Д.А. жағдаяттық тапсырма арқылы объективтілік, сенімділік және валидтілік біртұтас күйде бағалаудың сапасын анықтау түрлеріне тоқтады. Тапсырманы құрастыру критерийлерін сипаттай келе, бағалау кезіндегі оқушылар мен мұғалімдерге қатысты факторлар туралы мәлімет берді.
Кері байланыс барысында қатысушы педагогтер вебинарда қарастырылған мәселенің өзектілігін ерекше атап өтті, құнды мағлұмат берген спикерлерге алғыстарын білдірді.