Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері (оқыту қазақ тіліндегі мектептер) қауымдастығының отырысы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері (оқыту қазақ тіліндегі мектептер)  қауымдастығының отырысы

2024 жылдың  22 қаңтар күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ қауымдастықтың жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қауымдастығының  №2 отырысын өткізді.                 

Отырыстың мақсаты – қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыруда заманауи әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдану жолдары.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері А.Ж.Билялова Білім  алушыларды «Қазақ тілі» пәнінен 5-8, 10-сыныптарда аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсыным, емтиханның мақсаты, міндеті, аралық аттестаттау тапсырмасы мазмұнының сипаттамасы, тапсырмаларының үлгілерімен таныстырды.

Спикерлер: Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының №9 орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, Илюбаева Анар Айтказыновна «Заманауи оқыту әдістерін білім беру мазмұнында тиімді қолдану арқылы оқушылардың тұлғалық қабілеттерін шыңдау»;

Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «М.Таенов атындағы негізгі мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы,   Шакирова Жанар Амангельдиновна «ҚМЖ жоспардлауда ерекше білімді қажет ететін оқушылардың қажеттіліктерін ескеру жолдары» оқытудың заманауи, тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс жасау жолдарын, оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылықтарын арттырудағы өзіндік іс-тәжірибелерін ұсынды, пікір алмасты.

Әр аудандық, қалалық қауымдастық жетекшілері мен жас мамандары аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсыныммен танысты, емтихан материалдарын дайындау жөнінде мағлұматтар алды.