2023 жылғы 5-8 желтоқсан күндері Өскемен қаласында, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті базасында 7-8 сынып оқушылары арасында баскетболдан «Алтын доп» Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.
Мақсат – оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:
Ұлдар арасында:
І орын – «М. Әуезов атындағы №17 орта мектебі» КММ, Өскемен қаласы.
ІІ орын – «Ы. Алтынсарин атындағы Глубокое орта мектебі» КММ, Глубокое ауданы.
ІІІ орын – «Алтай қаласының мектеп-лицей» КММ, Алтай ауданы.
Қыздар арасында:
І орын – «Быструха орта мектеп-балабақша кешені» КММ, Глубокое ауданы.
ІІ орын – «М. Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі» КММ, Өскемен қаласы.
ІІІ орын – «№10 орта мектебі», Риддер қаласы.
Спортшыларды жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жетістіктер тілейміз!