Химиялық реакция жылдамдығы

Химиялық реакция жылдамдығы

2023 жылдың 24 қараша  айында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебімен бірге «Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Сарамандық сабақ № 2» тақырыбына интербелсенді сабақ өткізілді. Спикер ретінде Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің химия пәні мұғалімі Овчинникова Ольга Анатольевна  қатысты.

Сабақ"Химия" пәні бойынша жоғары орта білім беру деңгейіндегі қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптары үшін оқу бағдарламасының мақсаттарына сәйкес келді.

Сабақ барысында оқушылар химиялық процестердің «жылдамдығы» ұғымын қарастырды, біртекті және гетерогенді жүйелер үшін жылдамдықты есептеу формулаларымен танысты, химиялық реакция жылдамдығының әртүрлі факторларға тәуелділігін қарастырды және практикалық жұмыс барысында білімдерін бекітті.