Күзгі каникулдық мектеп – 2023 аясында «Деңгейлік тапсырмалар негізінде химия, биология және география пәндері бойынша қорытынды аттестаттауға дайындау мүмкіншілігі» шеберлік сыныбының қорытындысы

Күзгі каникулдық мектеп – 2023  аясында «Деңгейлік тапсырмалар негізінде химия, биология және география пәндері бойынша қорытынды аттестаттауға дайындау мүмкіншілігі»  шеберлік сыныбының қорытындысы

2023 жылғы 1 қараша күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ күзгі каникулдық мектеп аясында «Деңгейлік тапсырмалар негізінде химия,  биология және география пәндері бойынша қортынды аттестаттауға дайындау мүмкіншілігі» шеберлік сыныбын өткізді.

Химия пәнің қорытынды аттестаттауға дайындық бойынша жұмыс тәжірибесімен:

  • Химия пәні бойынша қорытынды аттестаттау тапсырмаларын әзірлеуші, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№46 орта мектебі» КММ, химия пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Актанова Назым Каирказиновна;
  • ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Бозанбай орта мектебі» КММ, химия пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Курумбаева Сандугаш Агламбековна бөлісті.

Оқушыларды биология пәні бойынша қорытынды аттестаттауға дайындау ерекшеліктерімен:

  • Биология пәні бойынша қорытынды аттестаттау тапсырмаларын әзірлеуші, ШҚО ББ Өскемен қаласы  бойынша білім бөлімінің «А. Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» КММ, биология пәні мұғалімі, педагог-шебер Боранбаева Жанар Камановна;
  • ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Азовое орта мектебі» КММ, биология пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Ескалиева Алия Солтанкызы таныстырды

География пәнің қорытынды аттестаттауға дайындық бойынша жұмыс тәжірибесімен:

  • ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «А. Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» КММ, география пәнінің мұғалімі, педагог зерттеуші Абзелеева Камила Аукеновна;
  • ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» КММ, география пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Қасен Амангелді бөлісті.

Аталған іс-шара ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» КММ базасында өтті. Шебер сыныпқа Ұлан ауданының жалпы білім беретін мектептерінің 63 химия, биология және география пәндерінің мұғалімі қатысты.

Іс-шараның модераторлары К.Т.Байболова, Г.Б.Блейменова  ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің әдістемелік бөлімінің әдіскерлері.