«Ауылдық жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» жобасы аясында «Жоба әдісін қолдану арқылы мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын дамыту» облыстық семинар-практикумы

«Ауылдық жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» жобасы аясында «Жоба әдісін қолдану арқылы мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын дамыту» облыстық семинар-практикумы

2023 жылғы 26 қазанда ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес Күршім  ауданы бойынша білім бөлімінің «№1Марқакөл орта мектебі» КММ базасында «Ауылдық жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» жобасы аясында «Жоба әдісін қолдану арқылы мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын дамыту» атты облыстық семинар-практикум өткізілді.  

Семинардың мақсаты - жоба әдісін қолдана отырып, оқушылардың танымдық, шығармашылық,зерттеушілік дағдыларын дамыту,мұғалімдердің табысты тәжірибемен бөлісу.

Семинарға облыс мектептерінің  ауыл және ШЖМ пән мұғалімдері қатысты.

Тәжірибелік семинар бағдарламасы бойынша 10 ашық сабақ ұсынылды (бастауыш сыныптарда жаратылыстану, 5 сыныптарда математика және информатика, 6-сыныпта тарих,   9- сыныпта физика, 8-сыныптарда химия, биология және география сабақтары), 5 шебер-сынып өткізіліп,  24 жобамен ұсынылды.   

Семинар барысында келесі ашық сабақтар көрсетілді:

Бастауыш сынып мұғалімі Нурпеисова М.Б. 2«Б» сыныпта жаратылыстану пәнінен «Электрдің пайда болуы», бастауыш сынып мұғалімі Әлімбекова М.А. 3«Б» сыныпта жаратылыстану пәнінен «Электр энергиясы қайдан алынады», бастауыш сынып мұғалімі Нугуманова И.Б. 4«Б» сыныпта жаратылыстану пәнінен «Электр құбылысы» тақырыптарында спиральді оқыту жүйесі бойынша біріктірілген зерттеушілік жұмыс әрекеттерін  көрсетті.

Бастауыш сынып мұғалімі Нурпеисова Л.Ш. 2«А»сыныпта жаратылыстану пәнінен «Ауыз қуысы»,бастауыш сынып мұғалімі Бельдеубаева А.У. 3«А» сыныпта жаратылыстану пәнінен «Ас қорыту жүйесі», бастауыш сынып мұғалімі Галымова Н.Г. 4«А» сыныпта жаратылыстану пәнінен «Қан айналым жүйесі» тақырыптарында жеңілден күрделене түскен зерттеушілік жұмыстарды көрсетті.

Бастауыш сынып мұғалімі Атаманова Ш.Т. 2«В» сыныпта жаратылыстану пәнінен «Способность предметов пропускать свет», бастауыш сынып мұғалімі Исакина Н.С. 4«В» сыныпта  жаратылыстану пәнінен «Свет и его свойства» тақырыптарында  спиральді оқыту арқылы кіріктірілген зерттеушілік жұмыстардың жүйесілігін көрсетті.

Оразиманова А.Т. математика пәнінің мұғалімі 5 сыныпта «Жай бөлшек» және Нуюрбаева Г.К. информатика пәнінің мұғалімі 5 сыныпта «Екілік ақпаратты ұсыну» тақырыбы бойынша;

Байшин А.К., тарих пән мұғалімі 6-сыныпта «Нар Қорған Қалжыр ортағасырлық Қимақ қаласы» тақырыбында;

Маманова Ж.Т. химия пәнінің мұғалімі, 8-сыныпта «Взаимодействие металлов с растворами кислот» виртуалмен байланыстыра отырып, зертханалық жұмысын;

Джумекенова А.М. физика пәнінің мұғалімі 9-сыныпта «Металдардағы және электорлиттердегі электр тоғы» тақырыбында зертханалық жұмыс түрлерін;

Абатаева Н.А. биология пәнінің мұғалімі, 8-сыныпта «Қан топтары. Қан құю. Резус-фактор»тақырыбында зертханалық жұмыс;

Құмаш Т. география пәнінің мұғалімі, 8-сыныпта «Географиялық құрал-жабдықтар көмегімен деректерді өңдеу» тақырыбында зерттеушілік жұмыс;

Сабақтарда мұғалімдер жоба әдісін қолдана отырып, оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған  іс-әрекеттің элементтерін қолданды. Жаңартылған кабинеттердің ресурстарын пайдалана отырып, зертханалық жұмыстар, сабақ-практикум сабақтары өткізілді. Өткізілген сабақтарда оқу жиынтықтары – кейстер, зерттеу элементтері, оқытудың белсенді әдістері, жоба әдістерін, кері байланыс түрлерін қолданды. Мұғалімдер Джумекенова А.М., Галымова А.Д., Маманова Ж.Т., Абатаева Н.А., Шаймарданова Н.Н. жаратылыстану пәндерді байланыстыра отырып, STEM зертханасында зерттеу жұмыс түрлерін,  Құмаш Т., Сабырбеков Б.С., Қойлыбай Б. дене шынықтыру, география, алғашқы әскери дайындық пәндерін ұштасыра отырып, «Марқакөл туризм» жобасынан, көркем еңбек және дене шынықтыру оқушыларды шығармашылыққа, спортқа бейімдеу мақсатында шебер-сыныптарын өткізді. Мектеп дефектологы Рахымбаева Н.М. «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың әдістері» бойынша шебер-сынып ұйымдастырды.

Мектеп оқушының жобаға бағытталған іс-әрекетінің нәтижелілігі мен тиімділігін көрсететін 24 жобалық жұмысты ұсынды. Жобалар оқушылардың шығармашылығы мен зерттеу дағдыларын дамытуға, мұғалімдердің кәсіби өсуі мен педагогикалық шеберлігін арттыруға ықпал ететін түрлі бағыттарды қамтиды.

Зертханалық жағдайда кәдесыйлар, сабын, жақпа май, көз протезі, жылыжай, емдік шай түрлері, инкубатор және «Жас өркен» мектеп баспаханасының бағыттарын, шеберханаларда ұлттық қолөнерді дамыту бойынша жұмыстарды, мектеп мұражайын, телестудия жұмысын көрсетті.

Семинар соңында ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының  Білім беру ұйымдарының білім беру менеджменті және мониторингі әдістемелік бөлімінің әдіскері Бошаева Г.М. кері байнаныс ұйымдастырып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, мектеп ұжымына жобаны іске асыруда шығармашылық табыс тіледі.