«Ұлы даланың ұлы перзенті» Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған диалогтік алаң

«Ұлы даланың ұлы перзенті» Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған диалогтік алаң

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ  2023 жылғы 19 қазанда Ұлы даланың ұлы перзенті» тақырыбында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің «Тарих» пәні мұғалімдерімен диалогтік алаң өткізді.

Диалогтік алаңның мақсаты – атақты қолбасшы, қарапайым құлдан мемлекет билеушісіне дейін көтерілген Дешті қыпшақ даласынан шыққан Сұлтан Бейбарыстың ерлігі мен қайраткерлігі жайлы ғылыми сұхбаттасу. Білім алушылардың танымдық ынтасын арттырып, патриоттық тәрбие берудің тиімді әдіс - тәсілдерімен тәжірибе бөлісу, әдістемелік көмек беру.

Семинар барысында: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, тарих факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасының профессорлары, т.ғ.д. Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академиктері З.О.Дүкенбаева «Бейбарыс сұлтан тарихи тұлға және оның заманы», М.А.Алпысбес «Фигура славной исторической личности Бейбарыс - султана Египта по данным исторических хроник», С.Аманжолов атындағы ШҚУ Қазақстан тарихы және Рухани жаңғыру кафедрасының сениор лекторы т.ғ.к. М.К.Аканов «Кетбұға және Сұлтан Бейбарыс» тақырыбында ғылыми баяндамалар жасады.

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 49 жалпы білім беретін мектебі»КММ.тарих пәні мұғалімі Ш.О. Насилова «Ғылыми еңбектердегі Сұлтан Бейбарыс тұлғасы».,

ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Белоусовка негізгі  мектебі» КММ, тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Г.Г.Пузакова «Гуманизм и культурная деятельность султана Бейбарса».,

ШҚО ББ «Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған лицейі» КММ, тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші М.М.Камбасова «Сұлтан Бейбарыс: құлдықтан билеушіге дейінгі жол»., 

ШҚО ББ Катонқарай ауданы бойынша білім бөлімінің «Сейткамза Ластаев атындағы орта мектеп» КММ. тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Ф.М.Нуртазин «Султан Бейбарс- исторический феномен. Привитие ценностей через личность деятеля».,

ШҚО ББ «Математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей» КММ тарих пәні мұғалімі, педагог-сарапшы»Б.Б. Октябрь «Сұлтан Бейбарыстың тарихи тұлғасын орта білім беруде оқытудың жаңа бағыты».,

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 36 орта мектебі» КММ,тарих пәні мұғалімі, педагог-модератор Е.Е.Поджидаева «Политическое наследие Султана Бейбарса» тақырыптарында ой бөлісті.

Шараға аудан, қалалық білім бөлімдерінің тарих пәнінің ассоциациясы жетекшілері, жалпы орта білім беру ұйымдарының тарих пәні мұғалімдері құрамынан офлайн және онлайн форматта барлығы 120 педагог қатысты.