«Вейпсіз жастық шақ» әлеуметтік жобасы аясында «Жасөспірімдердің вейп пен электронды темекіні пайдалануының алдын алу» ақпараттық семинары

«Вейпсіз жастық шақ» әлеуметтік жобасы аясында «Жасөспірімдердің вейп пен электронды темекіні пайдалануының алдын алу» ақпараттық семинары

ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 16 қазанда Оқушылар шығармашылық сарайының базасында «Вейпсіз жастық шақ» әлеуметтік жобасы аясында «Жасөспірімдердің вейп пен электрондық темекілерді пайдалануын алдын алу» ақпараттық семинарын өткізді.

Семинар мақсаты – тәрбие жұмысы жөніндегі педагогтерге  жасөспірімдердің вейп пен электронды темекіні қолдануының алдын алу бойынша әдістемелік қолдау.

Семинар барысында жұмыс тәжірибелерімен бөліскен спикерлер:

Рахимбердин Қуат Хажумуханович Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Вейпсіз жастық шақ» әлеуметтік жобасының үйлестірушісі, заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі «Жасөспірімдердің вейп пен электрондық темекіні пайдаланудың алдын алу мәселелері»;

Каленова Аксана Александровна ШҚО Бала құқықтары жөніндегі уәкілі «Бала құқығы мен денсаулығы»;

Батырханова Әйгерім Арманқызы ШҚО салауатты өмір салтын насихаттау жобасының үйлестірушісі «Вейп (электрондық темекі) адам денсаулығына не зиян?».

Іс-шараға офлайн форматта 50 педагог (директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер, әлеуметтік педагогтер, аға тәлімгерлер) қатысты.

Кері байланыс барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, іс-шараның маңыздылығын атап өтті.