«Шағын жинақты мектептерде бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі» облыстық онлайн семинар

«Шағын жинақты мектептерде бастауыш  сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі» облыстық онлайн семинар

ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ жылдық жоспарына сәйкес 2023 жылдың 13 қазан қыркүйек күні «Шағын жинақты мектептерде бастауыш  сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерімен облыстық онлайн семинар өткізді.

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын дамыту және білім алушылардың танымдық ынтасын арттыру, жан жақты тәрбие берудің тиімді әдіс - тәсілдерімен тәжірибе бөлісу, әдістемелік көмек беру.

 Шараға облыстың шағын жинақты мектептерінің  бастауыш сынып мұғалімдері барлығы 100 адам қатысты.

Шара барысында ШҚО ББ Өскемен қаласы әкімдігінің «№35 орта мектебі» КММ  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, Педагогикалық шеберлік орталығының тренері,  педагог-зерттеуші Муратбек Д.Н. «Математика сабақтарында қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру ерекшеліктері»;

ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ Халықаралық зерттеулер мен ынтымақтастықтың әдістемелік бөлімінің басшысы Мұқанова А.Қ. «TIMSS халықаралық зерттеудегі математикалық сауаттылық бағыты бойынша 4 сыныптың дайындығы»;

ШҚО ББ Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Тақыр негізгі орта мектебі» КММ, бастауыш сынып мұғалімі педагог-зерттеуші Жақиянова Н.С. «Шағын жинақты мектептерде бастауыш сыныптарда математика пәнін оқытуда біртақырыптық сабақ жоспарын құру кезінде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, күрделі тақырыптарды меңгерту жолдары»;

ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Р. Марсеков атындағы орта мектебі» КММ, бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Кутубаева  Л. К. «Бастауыш сыныптарда логикалық есептерді шешудің тиімді жолдары»;

ШҚО білім басқармасының Катонқарағай ауданы бойынша ББ «Қалихан Ысқақов атындығы орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Аскабилова К.К. «Пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Қатысушылар  кері байланыста бастауыш сыныптарда  математика пәнінен білім алушылардың тиімді әдіс-тәсілдердің практикалық маңыздылығын, тәжірибеде қолдану үшін әдістемелік көмек алғандарын атап өтті.

Модератор: Бошаева Гульнара Манашевна, білім беру ұйымдарының білім беру менджменті және мониторингі әдістемелік бөлімінің әдіскері.