Табиғи рельефте туристік көпсайыс бойынша Шығыс Қазақстан облысының «Туған жердің кереметі» Чемпионатының қорытындысы

Табиғи рельефте туристік көпсайыс бойынша Шығыс Қазақстан облысының «Туған жердің кереметі» Чемпионатының қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 18-21 қыркүйек күндері «Оникс» демалыс базасында (Жаңа Бұқтырма кенті) туристік көпсайыс бойынша табиғи бедерінде Шығыс Қазақстан облысының «Туған жердің кереметі» Чемпионаты өтті.

Чемпионаттың мақсаты – спорттық балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту және ілгерілету.

Чемпионатқа спорттық және туристік клубтардың, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының командасы қатысты.

Тау, жаяу және су туризмі техникасы бойынша құрама жарыстар, күрделіліктің 1-3 санаты: «жеке-командалық» қашықтық, кросс жорығы, су қашықтығы, фотосуреттер байқауы, бард әндер байқауы.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте жеңіске жеткендер:

Юниорлар – 2006-2008 ж. т. (15-17 жас):

І орын – «Экстремалы» командасы, «№5 орта мектебі» КММ,
Риддер қаласы;

ІІ орын – «Болашақ» командасы, «Жас турист станциясы» КММ, Катонқарағай ауданы;

ІІІ орын – «Ак-барс» командасы, «№16 орта мектебі» КММ, Риддер қаласы.

Жасөспірімдер – 2009-2011 ж.т. (12-14 жас):

І орын – «АнТарес» командасы, «Жас техниктер станциясы» КМҚК, Өскемен қаласы;

ІІ орын – «Меридиан» командасы, «№5 орта мектебі», Риддер қаласы;

ІІІ орын – «Кара-барс» командасы, «№16 орта мектебі» КММ, Риддер қаласы.

Байқау қорытындысы бойынша 5 номинацияда екі жас санаты бойынша жеңімпаздар анықталды (Қосымша 1).

Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды.

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Чемпионаттың барлық қатысушыларына сәттілік пен жеңістер тілейміз!