«Жаhандық құзыреттілік- жан жақты үздіксіз білім алу арқылы функционалды сауаттылықты дамыту» облыстық онлайн семинар БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Жаhандық құзыреттілік- жан жақты үздіксіз білім алу арқылы функционалды сауаттылықты дамыту» облыстық онлайн семинар БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ іс-шаралар жоспарына сәйкес 2023 жылдың 27 қыркүйек күні «Жаhандық құзыреттілік- жан жақты үздіксіз білім алу арқылы функционалды сауаттылықты дамыту» тақырыбында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің «Тарих» пәні мұғалімдерімен облыстық онлайн семинар өткізеді.

Семинардың мақсаты – Жаhандық құзіреттіліктің базалық қалыптасуы ретінде тұлғалық дағдылары мен функционалдық сауаттылығын дамытуда тарих пәнінен білім алушылардың танымдық ынтасын арттырып, жан жақты тәрбие берудің тиімді әдіс - тәсілдерімен тәжірибе бөлісу, әдістемелік көмек беру.

Онлайн-семинар барысында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері іс тәжірибелерімен бөліседі.

Семинар 2023 жылдың 27 қыркүйегінде сағат 15.00-де өтеді.
Өткізу нысаны: қашықтан, «ZOOM» платформасы арқылы. Онлайн-семинардың сілтемесі басталуға дейін 1 сағат бұрын жолданады.

Модератор –Абраимова Бахыт Касеновна, қоғамдық гуманитарлық бағыт бөлімінің әдіскері.

Телефон 87017677658