Мектептерде оқу-жаттығуды ұйымдастыруды жоспарлау бойынша вебинар

Мектептерде оқу-жаттығуды ұйымдастыруды жоспарлау бойынша вебинар

2023 жылғы 20 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы ШҚО әкімі аппаратының терроризмге қарсы комиссиясының, Полиция департаментінің, Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдерімен бірлесіп, аудандардың білім бөлімдерінің басшылары мен Өскемен қаласы мектептерінің директорларына арналған ЗУМ платформасы бойынша нұсқаулық өткізді.

Оқу-жаттығулар шеңберінде білім беру объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулық шеңберінде бекітілген Алгоритмдер пысықталды, сондай-ақ мынадай мәселелер қаралды:

- мектеп персоналына, оның ішінде күзет ұйымдарына нұсқау беру;

- алгоритмдерге сәйкес мектеп оқушыларына нұсқау беру;

- қызметкерлер мен оқушыларды эвакуациялауды ұйымдастыру;

- техникалық құралдардың (дабыл түймесі, турникеттер және бейнекамералар) жұмыс істеуін, сондай-ақ жеке күзет ұйымдары дабыл түймелері арқылы шақырылған жағдайда олардың жедел әрекет етуін тексеру.

Іс – шараға қала/аудан білім бөлімдерінің 11 басшысы және мектептердің 49 директорлары ЗУМ конференц-байланысы арқылы қатысты.

Облыстың барлық 343 мектебінде 2023 жылдың 25-29 қыркүйегі аралығында оқушылар мен педагогтарға арналған нұсқаулық өткізіледі.