«Жүректен жүрекке» қайырымдылық ақциясының қорытындысы

«Жүректен жүрекке» қайырымдылық ақциясының қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Балаларды қорғау күніне орайластырылған мерекелік іс-шаралар аясында өткізілген «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясын қорытындылады. Акция 2016 жылдан бастап, жыл сайын 1 наурыздан 1 маусымға дейін өткізіледі. Іс-шара өткен 6 жыл ішінде 19425 мыңнан астам тілек орындалды.

Акция мәні аз қамтылған, көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан әр бала онлайн режимде хат жазу арқылы өзінің ізгі тілегін, қалауын білдіре алады, сосын ол хат меценаттар мен мейірімді жандар орындай алуы үшін TYLEK.KZ сайтына орналастырылады.

Акция барысында көп балалы және аз қамтылған отбасыларының, қамқоршысы атасы, апасы болып табылатын қамқоршы отбасыларының, сондай-ақ ата-аналары мүгедек отбасыларының балаларынан және жасөспірімдерінен 2540 тілек-хат сайтқа орналастырылып, балалардың армандары орындалды.  

Кішкентай шығыс-қазақстандықтар   өздерінің  хаттарында  әртүрлі  өтініштерін жазды. Олардың ерекше тілектері қуыршақ немесе велосипед, коньки немесе шаңғы, күртеше, конструктор, кроссовкалар, әдемі көйлек, бор мен бояу, мектеп жабдықтары және тағы басқаларды алуға тілектерін білдірді.

Балалардың өтініші коммерциялық және басқа да бірқатар ұйымдардың, шаруа қожалықтарының, кіші және орта бизнес өкілдерінің, жеке кәсіпкерлердің және өзге облыс тұрғындарының белсенді демеушілік көмегінің арқасында орындалды. Бұл акцияға мемлекеттік білім органдарының және мекемелерінің қызметкерлері де қатысты.

Біздің облыстың қайырымды тұрғындарының көмегімен Шығыс Қазақстанның кішкентай тұрғындары әртүрлі сыйлықтар алды. Балалардың барлық өтініштері орындалды. Ең белсенді демеушілер алғыс хаттармен марапатталды.