«Ашық есік күні» акциясы

«Ашық есік күні» акциясы

2023 жылғы 29 мамырда Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы оқушылар, студенттер, түлектер, ардагер қызметшілер сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің отбасы мүшелерін тарта отырып, басқарманың қызметімен таныстыру және мемлекеттік қызмет имиджін көтеру мақсатында «Ашық есік күні» акциясын өткізді.

Аталған іс шараға мектеп оқушылары және колледж студенттері қатысты.

Оқушылар мен студенттер әр бір қызметкердің жеке жұмысымен және басқарманың бағыттары бойынша жұмыс қызметімен танысты. Туындаған сұрақтарына жауап алып, мемлекеттік қызметке деген қызығушылықтары оянып, болашақта мемлекеттік қызметке қалай орналасу жөнінде толық ақпарат алды.

Жас түлектерге мемлекетттік қызметке түсу, оның артықшылықтары мен ерекшеліктері бойынша толық мәлімет жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының өкілдері шақыртылды.

Білім басқармасының басшылығы акцияға қатысушыларға алғысын білідіріп, жастарға болашақта мақсат қоя білуді, еліміздің туын биік ұстап қызмет етуге шақырды.