XXIV республикалық «Абай оқулары» байқауы облыстық кезеңінің қорытындысы

XXIV республикалық «Абай оқулары» байқауы облыстық кезеңінің қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2023 жылғы 30 мамырда жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында XXIV республикалық «Абай оқулары» байқауының облыстық кезеңін өткізді.

Байқаудың мақсаты - қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді  оқуға  деген қызығушылықтарын арттыру.

Абай оқулары 6 номинация бойынша өткізілді:

- «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»;

- «Абайдың қара сөздері»;

- «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары»;

- «Көңілім әнді ұғады»;

- «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»;

- «Ұлылар әлемі».

 Дипломдармен: І орын – 6, ІІ орын – 10, ІІІ орын – 12 қатысушы марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары байқаудың республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.

Жүлдегерлер тізімін  www.shygysdaryn.kz сайтынан көруге болады.

Барлық қатысушыларға сәттілік, жаңа табыс тілейміз!