Білім беру ұйымдарында ыстық тамақты ұйымдастыру

Білім беру ұйымдарында ыстық тамақты ұйымдастыру

Бүгінгі таңда облыста 95 321 оқушы ыстық тамақпен, оның ішінде аз қамтылған отбасының 15 398 (100%) оқушысы тегін тамақпен қамтылды.

Бүгінгі таңда облыстың 342 мектебінің 246 мектебінде жеке кәсіпкерлер ыстық тамақ ұйымдастырады.

2019-2020 жылдары «Мектеп асханасының ас блогын жаңғырту және қызмет көрсету» мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі  жобасы бойынша жеке әріптесті таңдау бойынша конкурстық рәсімдер өткізілді. Жоба Өскемен қаласының 41 мектебінде іске асырылды, аталған мектептерінің асханаларында жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бұл жоба 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Өскемен қаласының                             «№ 15 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-де де сәтті жүзеге асырылуда. Мектепте барлығы 1673 бала оқиды. Оның ішінде бюджеттік қаражат есебінен                 216 бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Мектеп асханасында 10 адам жұмыс істейді. Олардың барлығы тиісті біліктілікке ие. Барлық қызметкерлер әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етіліп, ресми түрде жұмысқа орналастырылды.

Күн сайын оқушылар сапалы, толыққанды және теңгерімді ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Мұндай түскі асқа салат, бірінші және екінші тағамдар, сусын, тоқаш немесе жемістер кіреді.

Сондай-ақ, мектеп асханасында балалар шырындар, сусындар, жаңа піскен тоқаштар сатып ала алатын буфет ұйымдастырылған. Мектептегі ас мәзірі әртүрлі және дәрумендерге бай. Мәзір Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген 2021 жылғы 6 тамыздағы  № 23890 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары ескеріле отырып жасалады. Ас мәзірі мектеп әкімшілігімен күнделікті бекітіледі.