Астана қаласы «Зерделі» мектебі өкілдерінің қатысуымен математика мұғалімдері үшін шебер сынып

Астана қаласы «Зерделі» мектебі өкілдерінің қатысуымен математика мұғалімдері үшін шебер сынып

2023 жылғы  11 мамырда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы әдістемелік қолдау мақсатында Астана қаласы «Зерделі» мектебі өкілдерінің қатысуымен математика мұғалімдеріне шебер сынып өткізді.

Шеберлік сыныпты «Алтын сақа», «Алтын түлек», «Алтын тұғыр» олимпиадаларының авторы, ҚР Білім Министрлігінің төрт мәрте Құрмет грамотасының иегері, Білім беру ісінің құрметті қызметкері, математик ретінде танымал,  «Зерделі» мектебінің негізін қалаушы Ырысбек Мәуітұлы;

Халықаралық математикалық Жәутіков олимпиадасы (алтын, қола), Батыс Қытай олимпиадасы (алтын), imc студенттері арасындағы Халықаралық олимпиадаларының (күміс, қола)  жеңімпазы және жүлдегері, Назарбаев Университетінің түлегі Бақдәурен Нарбаев өткізді.

Шарада көрсетілген математикадан олимпиадалық есептерді шешу жолдары мен тапсырмаларды талдау тыңдаушылар үшін әдістемелік жағынан  құнды болды. Сонымен қатар олимпиадалық есептерді, логика бойынша тапсырмаларды орындау, олимпиада есептерін шешуге арналған әдебиеттер мен интернет-ресурстарға шолу жасалып, олимпиадаларға дайындық жоспары мен стратегиясы ұсынылды.

Шебер сынып аяқталғаннан кейін кері байланыс ұйымдастырылды. Қатысушылар іс-шара мазмұнының қанықтылығын, практикалық бағыты мен өзектілігін атап өтті, оқушыларды олимпиадаларға дайындау бойынша өз тәжірибесін дамытудың жаңа тиімді мүмкіндіктерін айқындады.

Аталған іс-шара ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицей» КММ базасында өтті. Шебер сыныпқа Өскемен қаласының мемлекеттік тілде оқытатын жалпы білім беретін мектептерінен 100 математика мұғалімі қатысты.

Модератор: Желпакова Айгуль Халелевна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасының мониторингісі кабинетінің математика, физика, информатика пәндері бойынша әдіскері.