«Оқушылардың тарих пәні бойынша жобалық қызметін ұйымдастыру тәжірибелік онлайн-семинар

«Оқушылардың тарих пәні бойынша жобалық қызметін ұйымдастыру тәжірибелік онлайн-семинар

Зерттеу жұмысымен, жобаларды жазумен айналысу оқушылардың аналитикалық ойлау дағдыларын, шешім қабылдау қабілетін дамытады, оқушыларға өз армандарын жүзеге асыруға және ғылым мен техниканың жетістіктерін табуға көмектеседі, оларды ізденуге итермелейді.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 20 сәуірде  «Оқушылардың тарих пәні бойынша жобалық қызметін ұйымдастыру» тақырыбында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің «Тарих» пәнінің жас мұғалімдерімен тәжірибелік семинар өткізілді.

Семинарға аудан, қалалық білім бөлімдерінің тарих пәнінің әдіскерлері, пән ассоциациясы жетекшілері, жалпы орта білім беру ұйымдарының жас пән мұғалімдері құрамынан  барлығы 100 педагог қатысты.

 Әдістемелік тәжірибелік семинардың мақсаты - оқушылардың ғылыми-зерттеушілік жоба жұмыстарын сауатты әрі ғылыми тұрғыдан тиімді ұйымдастыруда жас педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету.

Тәжірибелік онлайн-семинар аясында қатысушылармен оқушылардың ғылыми жоба жұмысын ұйымдастырудың практикалық мазмұны қарастырылды. Жоба жұмысын құрастыруда жетекші мен оқушы ескеретін мәселелер және туындайтын қиындықтар аталып, мысалдар келтірілді, жоба жұмыстары талданды. Сондай-ақ жоба өнімінің түрлері және тайм-менеджментті сақтау ерекшеліктері бойынша практикалық кеңестер берілді.

 Семинар соңында «3 Қ» стратегиясы арқылы  кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар бір қызықты, бір құнды және бір қиын мәселелерін атап, ғылыми-зерттеушілік жұмыстарды ұйымдастыру бойынша теориялық және әдістемелік білімін жетілдірудегі тәжірибелері бойынша пікір алмасты.

Модератор: Абраимова Бахыт Касеновна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО әдіскері