Әдістемелік көмек көрсету мақсатында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2023 жылдың 29 наурызында «Реализация компетентностного подхода-формирование уровня творческой продуктивности учащихся» тақырыбында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне облыстық семинар өткізді.
Онлайн семинарда ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «№11 мектеп-лицейі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Будкеева Светлана Владимировна «Формирование ключевых компетенций учащихся (4 К) в процессе изучения курса «Мультимедийная журналистика»;
ШҚО ББ «Облыстық мамандандырылған ІТ- мектеп-лицей» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тихонова Лариса Николаевна, «Развитие навыков продуктивного чтения на уроках русского языка и литературы» тақырыптарында іс-тәжірибелерінде LS және Action Research тәсілдерін жүзеге асыру жолдарымен бөлісті.
Кері байланыс барысында қатысушылар өз тәжірибелеріндегі жобалық зерттеу жұмыстың, функционалдық сауаттылықты жүзеге асыру жүйесі бойынша пікір алмасып, әдістемелік ұсынымдар берілді.
Жауапты – Кантаева А.Ж., «Шығыс» ӨО ОМ және БСМ кабинетінің меңгерушісі