«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» жас педагогтердің республикалық байқауының облыстық кезеңі

«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» жас педагогтердің республикалық байқауының  облыстық кезеңі

Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыру және инновациялық белсенділіктерін дамыту мақсатында 2023 жылғы 27-28 наурыз күндері «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VI Республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

Байқауға аудандық, қалалық кезеңнен іріктелген және облыстық білім беру ұйымдарынан еңбек  өтілі 0-3 жыл аралығындағы жас ұстаздар қатысты.

Байқау ережесі бойынша қатысушылар эссе жазу, өзін-өзі таныстыру және бейтаныс сыныпта сабақ беру тапсырмаларын орындау арқылы сайысқа түсті.

Байқау комиссиясы екі күндік сайыс қорытындысы нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.

Бас жүлде - Жанбосинова Гульназ Канатовна, ШҚО ББ «Математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей»  КММ биология пәні мұғалімі;

І орын - Толықбаева Аяужан Бағланқызы, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ ағылшын тілі мұғалімі;

ІІ орын -  Сайлауғазина Толғанай Дәлелқызы, ШҚО ББ Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Сарыбел орта мектебі» КММ химия пәні мұғалімі;

ІІІ орын - Базиева Құндыз Мұратбекқызы, ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Қаратал орта мектебі» КММ математика пәні мұғалімі.

Жеңімпаздар ШҚО білім басқармасының дипломдарымен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификат берілді.

Ағымдағы жылдың 17-21 сәуір аралығында облыстық кезең жеңімпаздары республикалық байқауда  Шығыс Қазақстан облысының  намысын қорғайды.

Жас мамандарға сәттілік тілейміз!

Модератор –  Кантаева Айзада Жумакановна, ОМ және БСМ кабинетінің меңгерушісі