
Наурыз құнарлылықты, достық пен сүйіспеншілікті бейнелейді. Бұл күні адамдар әдемі киініп, туыстары мен достарына қонаққа барады және ізгі тілектерін айтады.
Наурыздың 22-сі күні облыс орталығының орталық алаңында мерекелік безендірілген киіз үйлер тігілген тұтас бір ауылды қарсы алған көктемнің тамаша мерекесі өтті.
"Атамұра" аудандық білім басқармасының қазақ халқының озық дәстүрімен безендірілген киіз үйі көзге түскен киіз үйлердің бірі болды. Киіз үйдің жанында халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесінің және Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің музыкалық ұжымдарымен концерт ұйымдастырылып, балаларға арналған ойын алаңдарында ұлттық ойындар өткізілді. Мереке қонақтары қазақтың ұлттық «Беташар» рәсіміне қатысты.
Мерекелік атмосфера біздің қала тұрғындарының жадында ұзақ уақыт сақталады.
Наурыз мейрамы әр шаңыраққа жақсы өзгерістер, шаттық пен береке әкелсін!
Наурыз мейрамы құтты болсын!