«Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама -300 жыл: Отан қорғаудағы халықтың бірлігі мен батылдығы» диалогтік алаң

«Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама -300 жыл: Отан қорғаудағы халықтың бірлігі мен батылдығы» диалогтік алаң

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы атаулы және мерейтойлық күндерді мерекелеу негізінде көктемгі каникул кезіндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2023 жылдың 20 наурыз күні «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама -300 жыл: Отан қорғаудағы халықтың бірлігі мен батылдығы» тақырыбында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің «Тарих» пәні мұғалімдерімен диалогтік алаң өткізді.

Диалогтік алаң мақсаты – жоңғарлармен жүз жылдық соғыс кезеңіндегі маңызды тарихи оқиғалардың бірі «Ақтабан Шұбырынды, Алқакөл – сұлама» жылдары бүкіл қазақ халқы күштерінің бірігуі арқасында басқыншыларды жеңуі, қазақ халқының тәуелсіздігін және қазақ жерінің аумақтық тұтастығын қорғап қалуын талқылау. Білім алушылардың танымдық ынтасын арттырып, патриоттық тәрбие берудің тиімді әдіс - тәсілдерімен тәжірибе бөлісу, әдістемелік көмек беру.

Шара барысында:  Дүкенбаева Задаш Оразғалиқызы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі, т.ғ.д.,профессор «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама оқиғасының отандық тарихнамада зерттелу деңгейі»;

Аканов Маратбек Камзинович, т.ғ.к. С.Аманжолов атында ШҚУ Қазақстан тарихы және Рухани жаңғыру кафедрасының сениор лекторы «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама жылдарындағы қазақтар»;

Отарбаева Гульназ Сарсенбаевна «Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты»КММ тарих пәні мұғалімі «Жоңғар шапқыншылығы жылдарындағы Ресей империясының саясаты»;

Пузакова Галина Георгиевна ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің  «Белоусовкаи негізгі мектебі»КММ тарих пәні мұғалімі, «Отражение тематики «Ақтабан шұбырынды» в культуре Казахстана»;

Алғали Мақсат Нұрланұлы тарих пәні мұғалімі, ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «С. Аманжолов атындағы орта мектебі»  КММ «Жаугершілік жылдарындағы қазақ халқының бірлігінің жеңісі»;

Баранова Елена Павловна ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№34 мектеп-лицей» КММ тарих пәні мұғалімі, «Исторические события как основа консолидации общества»;

Аринова Назигуль Ермухановна ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№5 орта мектебі»КММ тарих пәні мұғалімі, «Қазақ - жоңғар шапқыншылығы кезіндегі ірі шайқастардағы қазақ батырларының ерлігі» тақырыптарында  баяндамалар жасап, пікір алмасып, ой бөлісті.

Диалогтік алаңның қатысушылары халқымыздың жаппай батылдығын көрсетуге және қазақ халқының тәуелсіздігін және қазақ жерінің аумақтық тұтастығын қорғау үшін бірігуінің оң нәтиже бергеніне басты назар аударды.

Шара соңында кері байланыс ұйымдастырылды, мектеп оқушыларымен «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама -300 жыл» арналған шараларды өткізу бойынша ұсынымдар берілді.

Шараға аудан, қалалық білім бөлімдерінің тарих пәнінің ассоциациясы жетекшілері, жалпы орта білім беру ұйымдарының тарих пәні мұғалімдері құрамынан офлайн және онлайн форматта барлығы 120 педагог қатысты.