Қазақстандық волейболшы, Қазақстан құрамасының және «Алтай» ШҚ ойыншысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сана Мақсұтқызы Анарқұлованың волейболдан мектеп лигасы қатысушыларымен кездесуінің қорытындысы

Қазақстандық волейболшы, Қазақстан құрамасының және  «Алтай» ШҚ ойыншысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері  Сана Мақсұтқызы Анарқұлованың волейболдан мектеп лигасы қатысушыларымен кездесуінің қорытындысы

2023 жылғы 15 наурызда Өскемен қаласында «Жас техниктер станциясы» базасында қазақстандық волейболшы, Қазақстан құрамасының және «Алтай» ШҚ ойыншысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия ойындарының чемпионы, Алтай командасының құрамында Азия чемпионы - Сана Мақсұтқызы Анарқұлованың волейболдан мектеп лигасы қатысушыларымен кездесуі өтті.

Кездесудің мақсаты – бұқаралық балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорт шеберінің өмірінен үлгі ала отырып, жас спортшылардың жетістікке жетуіне шабыт беру.

Мектеп лигасы - Қазақстан оқушылары үшін ең айтулы және маңызды жарыстардың бірі. Биылғы оқу жылында ұлттық мектеп лигасының облыстық жарыстарына 1000-нан астам оқушы қатысуда. Кездесуге облыс мектептерінің 5-11 сынып оқушылары - волейболдан Ұлттық Мектеп лигасының қатысушылары қатысты.

Сана Мақсұтқызы балаларға спортта осындай жоғары нәтижелерге қалай қол жеткізгені туралы айтып берді: «Ең алдымен тәртіп, өзін-өзі тәрбиелеу, өзіне деген сенім, шыдамдылық және қиындықтарды жеңе білу керек» - деп өз тәжірибесімен бөлісті. Кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысында балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, өңірде волейболды дамытудың болашағы, жас ұрпақты тәрбиелеудегі дене шынықтыру мен спорттың рөлі туралы мәселелер талқыланды. Сана Мақсұтқызы өз мысалында спорттың өмірдегі маңыздылығы туралы айтты.

Кездесу соңында Глубокое ауданы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінің командасының оқушылары – 7-8 сыныптар арасында ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңінің жүлдегерлері сәттілік символы ретінде спортшыдан волейбол добына қолтаңба қоюды сұрады.