«Наурыз» мерекесіне арналған интерактивті диктант өткізу туралы

«Наурыз» мерекесіне арналған интерактивті диктант өткізу туралы

2023 жылғы 13 наурызда "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын іске асыру, 12 жылдық білім беруді кезең – кезеңімен енгізу, функционалдық сауаттылықты дамыту үшін мектепте оқыту стандарттарын жаңарту, "Рухани жаңғыру" және "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде ШҚО ББ Білім берудегі Шығыс Қазақстан өңірлік жаңа технологиялар орталығы 8 сынып оқушыларына арналған Наурыз мерекесіне орайластырылған Бірыңғай диктант күні өтті. Интерактивті диктант қазақ және орыс тілдерінде жазылды.

Диктантқа екі мыңнан астам оқушы қатысты.

Функционалдық сауаттылық бойынша білім сапасы 88%, ақпараттық сауаттылық бойынша – 92% құрады.

Оқушылар IT-құзыреттіліктерді меңгеру мен қолданудың жақсы деңгейін көрсетті.