«Толық емес отбасында қолайлы психологиялық климат құрудың шарттары» республикалық вебинары

«Толық емес отбасында қолайлы психологиялық климат құрудың шарттары» республикалық вебинары

ҚР Адамның Үйлесімді Дамуы Ұлттық Институты 2023 жылдың 9 наурызында «Толық емес отбасында қолайлы психологиялық климат құрудың шарттары» тақырыбында республикалық вебинар өткізді.

Шараға облыстағы білім беру ұйымдарының 200 ден астам педагогі және ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының әдіскері А.К. Кубентаева қатысты.  

Вебинар барысында ҚР Адамның Үйлесімді Дамуы Ұлттық Институтының ғылыми әдіскері Е.М Аязбаев «Әр түрлі типтегі отбасылармен жұмыс істеуде мектеп психологі қолданатын тиімді формалар мен әдістер» тақырыбында баяндама жасады.

 Өскемен қаласының «№46 орта мектебі» КММ педагог-психолог Башикова М.Ж. мен «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы ОММГИ» КММ педагог-психологі Мамырбаева А.З. «Әр түрлі типтегі отбасылармен жүргізілетін жұмыс» тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.    

Шара соңында қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауап берілді.