«Ауыл мектебі» жобасы аясында педагогтердің кәсіби белсенділіктерін ұйымдастыру және басқару. Жобалау іс-әрекеті оқушылардың шығармашылығын дамыту үшін жағдай жасаудың тиімді құралы» облыстық семинар-практикумы

«Ауыл мектебі» жобасы аясында педагогтердің кәсіби белсенділіктерін  ұйымдастыру және басқару. Жобалау іс-әрекеті  оқушылардың шығармашылығын дамыту үшін жағдай жасаудың тиімді құралы»   облыстық семинар-практикумы

ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының  жоспарына сәйкес  2023 жылғы 23 ақпанда  ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Өрел орта мектебі» КММ базасында мектеп директорларына және мектеп директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарлары үшін «Ауыл мектебі» жобасы аясында педагогтердің кәсіби белсенділіктерін  ұйымдастыру және басқару. Жобалау іс-әрекетті  оқушылардың шығармашылығын дамыту үшін жағдай жасаудың тиімді құралы» облыстық семинар-практикумы өтті.

Семинардың мақсаты - оқушылардың шығармашылық дамуына жағдай жасаудың тиімді құралы ретінде жобалау арқылы педагогтердің педагогикалық шеберлігі мен кәсіби белсенділігінің деңгейін арттыру. Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Өрел орта мектебі» КММ «Ауыл мектебі» жобасы шеңберінде жобалау қызметі бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасу және тарату.

Семинарға Педагогикалық шеберлік орталығының өкілдері және облыс көлемінде мектеп директорлары, директордың орынбасарлары қатысты.

Практикалық семинар бағдарламасы бойынша  6 ашық сабақ (бастауыш сынып математика -3, биология-1, қазақ тілі мен әдебиеті -1, орыс тілі мен әдебиеті-1), 9 шеберлік сабағы, коучинг өткізіліп, 24 жоба ұсынылды.

Семинар барысында ашық сабақ өткізген педагогтер:

Исинова М.О., биология пәні мұғалімі 7 «А» сыныбында «Ми. Ми бөлімдерінің құрылысы мен қызметтері. Үлкен ми сыңарлары»;

Ахмерова Е.Т.,  қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі 6 «А» сыныбында «О. Бокей «Тортай мінер ақ боз ат»;

Сапарбаева К.С., орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі 9 «А» сыныбында «Прекрасная должность быть на Земле Человеком»;

Альпатина Г.А., бастауыш сынып мұғалімі 2 «А» сыныбында «Санды және әріпті өрнектер. Тендеулер. Есептер»;

Самойлова  А.А., бастауыш сынып мұғалімі 3 «Б» сыныбында «Алгоритм письменного  умножения и деления с одним переходом через разряд»;

Катчибаева А. М., бастауыш сынып мұғалімі 1 «А» сыныбында  «Шамалар өлшеу. Ертегілер» тақырыбында ашық сабақтар өткізіп, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту бағытындағы жұмыстарын көрсетіп, заманауи талаптарға сай жабдықталған кабинет мүмкіндіктерін пайдаланумен  оқушылардың білім, білік дағдыларын арттырудағы іс-тәжірибелерімен бөлісті.

«Ауыл мектебі» жобасы аясында педагогтердің кәсіби белсенділіктерін   арттыру жолдарын ұйымдастыру, басқару тәсілдері және оқушылардың шығармашылығын дамытуда   жобалау іс-әрекетінің тиімділігі мен нәтижелігін көрсететін 24 жоба жұмысы көрсетілді. Жобалау іс-әрекеті арқылы педагогтің үздіксіз кәсіби өсуіне, педагогикалық шеберлігін шыңдауға,  оқушылардың шығармашылығын және зерттеушілік дағдыларын дамытуға жағдай жасалғаны байқалды. 

Семинар-практикум барысында мектеп ұжымы «Қуыршақ театры  жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерінің дамуына әсері»;  «Өсімдікті топырақсыз өсіру технологиясы»; «Проекты исследовательских работ клуба гидов-проводников»; «Катонқарағай МҰТП туристік маршруттары: гид-бағыттаушыларға арналған ағылшын тілі»; «Мәдени және тілдік даму: қазақша үйренейік»;  «Қазақ ұлттық ойыны: қозғалмалы ойын – асық»; «Жаяу туризм: туған өлкені тану және туристік дағдыларын қалыптастыру»; «Художественное выжигание по дереву. Мир сувениров»; «Этностиль. Көздің жауын алатын шолақ жеңді кеудеше»  кеудешені көркемдеп әшекейлеу,  жылдам әзірленетін тағамдарды дайындау тәжірибесімен бөлісіп, оқушылардың шығармашылық жұмыстарын ұсынды.

Семинар соңында ШҚО ББ «Шығыс» ӨО білім беру менеджмент кабинетінің әдіскері  Бошаева Г.М. кері байланыс ұйымдастырып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, мектеп ұжымына жобаны іске асыруда шығармашылық табыс тіледі.

Модератор: ШҚО ББ «Шығыс» ӨО білім беру менеджмент кабинетінің әдіскері Бошаева Г.М.