Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (бұдан әрі – ББЖМ) білім беру ұйымдарынан тәуелсіз білім сапасын жүйелі бақылау болып табылады. Мониторинг орта білім беру ұйымдарының базасында электрондық форматта 4 және 9-сыныптарда оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы бойынша кешенді тестілеу форматында жүргізіледі. ББЖМ орта білім беру ұйымдарының білім алушыларының білім сапасын МЖБС сәйкестігін бағалауға, білім алушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін анықтауға, білім беру процесінің барлық қатысушыларына әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталған. ББЖМ мемлекеттік бақылау нысаны болып табылмайды және білім алушы үшін де, білім беру ұйымдары үшін де құқықтық салдары болмайды.
Орта білім беру ұйымдарына – білім алушылардың білім жетістіктерін бақылауға қатысушыларға арналған Ы.Алтынсарин әдістемелік ұсынымдары негізінде аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне мен бастауыш сынып және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндердің ассоциация жетекшілеріне «ББЖМ-ге дайындауды ұйымдастырудағы жүйелі тәсіл» онлайн-семинары өткізілді.
Семинар барысында:
Динара Аскербековна Какетаева, мектепке дейінгі, мектепалды және бастауыш білім беру кабинетінің меңгерушісі;
Айгуль Халелевна Желпакова, оқыту мазмұны және білім сапасының мониторингісі кабинетінің математика, физика және информатика пәндерінің әдіскері;
Жұпар Ахметоллақызы Тұрсын, оқыту мазмұны және білім сапасының мониторингісі кабинетінің химия, биология және география пәндерінің әдіскерлері ББЖМ тест тапсырмаларын орындау тиімділігіне терең талдау жүргізуге арналған әдістемелік ұсынымдармен таныстырды:
Білім беру сапасын арттыру үшін одан әрі түзетумен ББЖМ -2022 нәтижелері бойынша іс-шаралар жоспары талқыланды.
Кері байланыс кезінде қатысушылар семинар тақырыбының өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтіп, өз тәжірибелерінде одан әрі пайдалану үшін әдістемелік ұсынымдар алды.
Іс-шараға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен ЖМБ пәндік қауымдастықтарының төрағалары құрамынан тұратын барлығы 100 адам.
Модератор: Желпакова Айгуль Халелевна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны және білім сапасының мониторингісі кабинетінің математика, физика және информатика пәндерінің әдіскері.