«Көркем еңбек сабағын оқытуда қолданылатын тиімді және ұтымды әдіс-тәсілдер» облыстық онлайн-семинары

«Көркем еңбек сабағын оқытуда қолданылатын тиімді және ұтымды әдіс-тәсілдер» облыстық онлайн-семинары

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы жылдық жоспарға сәйкес 2023 жылғы 16 ақпанда «Көркем еңбек сабағын оқытуда қолданылатын тиімді және ұтымды әдіс-тәсілдер» тақырыбында облыстық онлайн-семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты - педагогтердің шығармашылық әлеуетін жандандыру инновациялық әдістермен ақпараттық технологияларды қолдануда тиімді және ұтымды әдістер арқылы оқушының ойлау қабілетін, белсенділігін арттырып, ізденушілігі мен қызығушылығын дамыту және педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету

Семинар барысында: Муканова Галия Базарбековна, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 32 орта мектебі» КММ көркем еңбек пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші «Развитие-творческих способностей учащихся на уроках художественного труда в условиях обновленного содержания образования» тақырыбында қолданатын әдіс-тәсілдермен таныстырды;

Саканова Жанар Мураткызы, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 47 жалпы білім беретін мектеп» КММ көркем еңбек пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында көркем еңбек пәнін берудегі тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында пайдаланатын жұмыс түрлерін, әдіс-тәсілдерін, нәтижелерін ортаға салып, іс-тәжірибелерімен бөлісті;

Акболова Кулбаран Зиядановна, Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «М.Дауленов атындағы мектеп-интернаты» КММ жоғарғы санатты көркем еңбек пәні мұғалімі «Жаңартылған білім беру үдерісінде көркем еңбек пәнін оқытуда қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдер» тақырыбында көркем еңбек пәнін өткізудегі тәсілдерін көрсетті.

Чекина Анар Абылхановна, Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Ново-Хайрузовка орта мектебі» КММ көркем еңбек пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші «Эффективные и рациональные методы и приемы, применяемые при анимации на уроках художественного труда» тақырыбында балалардың шығармашылығын арттыру үшін 6 сыныптағы көркем еңбек сабақтарында АКТ пайдалана отырып оқытудың жаңа бағдарламалары мен нысандарын қолданудағы зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті.

Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысқан мұғалімдер спикерлерге алғыстарын білдіріп өткен іс-шараның өзектілігін атап өтті. Модератор-ШҚО ББ «Шығыс» ОӨ Кемельбаева Ш. Оқыту мазмұны және білім сапасы мониторингісі кабинетінің әдіскері.