
15 ақпан 2023 жылы ШҚО Өскемен қаласы №46, №26, №44 орта мектептерінің базасында білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының Көптілділікті дамыту кабинетінің ұйымдастыруымен «Оқылым дағдысының сөйлесім әрекетінің басқа түрлерімен өзара байланысы» атты Республикалық әдістемелік семинар өтті.
Семинар барысында «Көкжиек-Горизонт» баспасының авторлық ұжымының мүшелері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Юсуп Пархат Корабайұлы, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Сырымбетова Акмарал Бакытжановна, ағылшын тілінен Акышева Раиса Сериккажиевна оқу- әдістемелік құралдарының таныстырылымын жасады.
Орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі пәнінің мұғалімдерімен пікір алмасу ұйымдастырылды. Шара соңында пән мұғалімдері тарапынан толықтыруларға ұсыныстар жасалды. Семинардың қорытындысы бойынша мұғалімдерге арнайы сертификаттар мен әдістемелік нұсқаулықтар берілді.