"Эксперименттік білім беру бағдарламаларын енгізу туралы ұйымдарда іске асырылатын жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сыныптарының білім алушылары үшін жұмыс біліктіліктері бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру"

"Эксперименттік білім беру бағдарламаларын енгізу туралы ұйымдарда іске асырылатын жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сыныптарының білім алушылары үшін жұмыс біліктіліктері бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру"

2023-2024 оқу жылында "техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында іске асырылатын жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сыныптарының білім алушылары үшін жұмыс біліктілігі бойынша эксперименттік білім беру бағдарламаларын енгізу туралы"ҚР Білім Министрлігінің 2022 жылғы 25 қарашадағы №478 бұйрығы негізінде эксперименттік білім беру бағдарламасы іске қосылады.

Эксперименттік бағдарлама жоғары сынып оқушыларының колледждер базасында жұмысшы біліктіліктерін бір уақытта алуға және мектеп базасында жалпы білім беретін пәндерді игеруге бағытталған.

Оқушыларды даярлау ұсынылатын мамандықтар тізбесіне сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен ерікті негізде жүзеге асырылады. Колледждерге қабылдау Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (ҚР БҒМ 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығы).

Эксперименттік білім беру бағдарламасы 2023-2024 және 2024-2025 оқу жылдарында жүзеге асырылатын болады. Оқу қорытындысы бойынша дипломдар беріледі.

Бұл жоба ШҚО-да төрт колледж базасында іске асырылатын болады.