13 ақпан 2023 жылы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы жылдық жоспарына сәйкес «Құқық негіздері» пәні бойынша функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған білім алушылардың өзіндік жұмысының әдістері мен түрлері» әдістемелік практикалық семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты – білім алушылардың құқықтық білімін жетілдіріп, құқықтық сауаттылық пен мәдениениетін арттыру мақсатында оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, проблемалық сұрақ қоюға, өздігінен талдау жасау дағдыларын дамытуға, өз ойларын, пікірлерін айту, дәлелдеу, гипотеза ұсыну, зерттеу қабілеттерін дамытатын тиімді әдіс-тәсілдерімен тәжірибе бөлісу, әдістемелік көмек беру.
Шараға облыстың білім беру ұйымдарының және мамандандырылған білім беру ұйымдарының тарих пәні мұғалімдері, қауымдастық жетекшілері, барлығы 70 адам қатысты.
«Шығыс» өңірлік орталығының әдіскері Абраимова Б.К., тарих пәні мұғалімдерінің облыстық «Атамекен» ассоциация жетекшісі Ахмадиева А.К. жалпы білім беретін мектептерде «Құқық негіздері» пәнін оқыту оқушылардың қоғамда әлеуметтік бейімделуі үшін қажетті негізгі құқықтық білімдері мен дағдыларын меңгеруді қамтамасыз етуге бағытталғанын және оны жүзеге асырудың әдіс- тәсілдерін меңгерудің қажеттілігін атап өтті.
Семинарға қатысушылармен ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ тарих пәнінің мұғалімдері пән бойынша «Құқық әлеміне саяхат» ой жарыс өткізіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Шара барысында: ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№47 жалпы орта білім беретін орта мектеп» КММ құқық негіздері пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Исмагулова Эльмира Ермекқызы «Қандай жағдайларда әкімшілік жауапкершілік туындайды?» тақырыбында 9«Б» сынып оқушыларымен;
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 24 орта мектеп» КММ құқық негіздері пәні мұғалімі, педагог сарапшы Окумбаева Динара Санярбековна 11- сыныпта «Семья. Права и обязанности супругов» тақырыбында ашық сабақтар өткізіп, өзіндік талдау жасады.
Семинардың екінші бөлімінде:
ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Андрей Сумин атындағы орта мектеп»КММ құқық негіздері пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Рахиманова Альбина Серикхановна «Білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруда өздігінен талдау жасау , сын тұрғысынан ойлай білу дағдыларын дамытудың тиімді әдіс тәсілдері»;
ШҚО білім басқармасының Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «№1 Самар орта мектебі» КММ құқық негіздері пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Мукашева Лязат Болатхановна «Виды, формы самостоятельной работы с учащимися на уроках основы права в 9 классах»;
ШҚО білім басқармасының Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Сарытерек орта мектебі»КММ құқық негіздері пәні мұғалімі Алдажарова Дидар Маратбекқызы, «Құқық негіздері» сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда интеллект картаның рөлі»;
ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№16 орта мектеп»КММ құқық негіздері пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Султанбекова Анар Турсынбековна «Формирование правовой грамотности как элемента функциональной грамотности обучающихся» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісіп, нәтижелерімен таныстырды.
Қатысушылармен жүргізілген рефлексия барысында өткізілген іс-шаралар туралы көптеген оң пікірлер айтылды. Ұсынылған тәжірибелердің, білім алушылардың құқықтық білімін жетілдіруде қолданылған тиімді әдіс-тәсілдердің практикалық маңыздылығын, тәжірибеде қолдану үшін әдістемелік көмек алғандарын атап өтті.
Модератор: Абраимова Бахыт Касеновна, ШҚО ББ «Шығыс» ӨО оқыту мазмұны мен білім беру сапасы мониторингі кабинетінің тарих пәні бойынша әдіскері.