Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2023 жылғы 7 ақпанда педагог - тәлімгерлер мен жас педагогтердің қатысуымен «Жас педагогтің тәлімгері: имидж, жұмыс технологиялары, өзара іс-қимыл нәтижелері» облыстық онлайн-семинар өткізді.
Семинардың мақсаты - жас педагогтермен жұмыс нәтижелілігінің инновациялық формалары мен әдістерін іздеу арқылы тәлімгерлікті әдістемелік сүйемелдеу.
Семинар қатысушыларына ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының білімдегі менеджмент кабинетінің меңгерушісі Шауменова Эльмира Тоқанқызы тәлімгерлік жұмысты бағалаудың маңыздылығын атап өтті.
Білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері - Умытбаева Ляля Қыдырқанқызы (Катонқарағай ауданы) және Багрий Светлана Александровна (Глубокое ауданы) педагог-тәлімгерлердің 3 жылдағы қызметтеріне талдау жасап, нәтижелерін көрсетті.
Семинар барысында келесі педагог-тәлімгерлер мен жас педагогтер іс-тәжірибесімен бөлісті:
Гора Елена Александровна - ШҚО ББ Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Ы.Алтынсарин атындағы Глубокое орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі, тәлімгер және жас педагог Саенко Анастасия Дмитриевна - мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі;
Жеңісханқызы Алтыншаш - ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат» КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, тәлімгері және Қасымова Бұлбұлан Қасымқызы – физика пәнінің мұғалімі, тәлімгері және жас педагогтер: Сейтқамзина Гаухар - ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Жетпісова Ұлжан - математика пәнінің мұғалімі;
Анохина Наталья Григорьевна - ШҚО ББ «Математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп» КММ тәлімгері, физика пәнінің мұғалімі;
Агарина Наталья Петровна - ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «Т. Тоқтаров атындағы мектеп-балабақша» КММ тәлімгері, математика пәнінің мұғалімі.
Шара соңында спикерлер қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, қорытындылар шығарылды және тәлімгерлік бойынша жұмысты жалғастару үшін әдістемелік ұсынымдар берілді.