Оқушылар арасындағы ұлттық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңінің қорытындысы

Оқушылар арасындағы ұлттық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңінің қорытындысы

Пікірсайыс – балаларға талдау, жүйелік талдау дағдыларын, өз ұстанымдарын білдіру қабілетін көрсетудің бірегей мүмкіндігі.                   Шығыс Қазақстан облысында 4 869 оқушыны қамтитын орта және қосымша білім беру ұйымдары жанынан 301 пікірсайыс клубы жұмыс істейді.

Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы аясында 2023 жылдың 04 ақпанында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Өскемен қаласының №47 жалпы білім беретін мектебінің базасында жалпы орта білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында ұлттық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңін өткізді.

Турнирдің мақсаты - білім алушылардың жеке басының рухани-адамгершілік, патриоттық және азаматтық қасиеттерін, сондай-ақ шешендік шеберлік дағдыларын, сындарлы диалог пен дау жүргізу мәдениетін, дәлелдеу өнерін қалыптастыру.

Турнирге облыстың мектепішілік және аудандық, қалалық кезеңдердің жеңімпаздарын қамти отыра 70-тен астам қатысушыдан құралған пікірсайыс клубтарының 36 командасы қатысты.

Оқушылардың пікірталас мәселелерінің негізгі тақырыптары:Қазақстан Республикасының тұрақтылығы мен өркендеуі, әр азаматтың елдің қарқынды дамуына жеке қатысуы, қоғамның игілігі үшін жұмыс істеуге деген ұмтылысы мен қабілеті, жастардың туған елінің игілігі үшін шығармашылық және ғылыми әлеуетін іске асыру, дәстүрлерді сақтау және Қазақстанның мәдени мұрасын ұлғайту.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер төмендегідей анықталды:

Қазақ тіл лигасы:

1 орын – Өскемен қаласы,  «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ, «Эрудиция» командасы;

2 орын – Катонқарағай ауданы, «Рыков орта мектебі» КММ, «Қаратай» командасы;

3 орын – Өскемен қаласы, «Ш. Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ, «Гладиатор» командасы.

Орыс тілдер лигасы:

1 орын - Өскемен қаласы,  «Облыстық мамандандырылған ІТ мектеп-лицейі» КММ,  «Mind palace» командасы;

2 орын -  Зайсан ауданы, «М. Әуезов атындағы орта мектебі» КММ,  «Аманат» командасы;

3 орын – Риддер қаласы, «Шаңырақ көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ, «Болашақ» командасы.

Ағылшын тілдер лигасы:

1 орын - Өскемен қаласы,  «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ,  «Аlpha» командасы;

2 орын – Катонқарағай ауданы, «С. Ластаев атындағы орта мектебі» КММ, «Bater flayer» командасы;

3 орын – Ұлан ауданы, «Р. Марсеков атындағы орта мектебі» КММ, «Smart» командасы.

Турнир жеңімпаздары кубоктармен, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушылар сертификаттар алды.

Үздік жеңімпаз мектеп пікірсайысшылары 2023 жылғы 16-17 ақпанда Астана қаласында өтетін Ұлттық пікірсайыс турнирінің республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз, жаңа жеңістер тілейміз!