«АЛТЫН ТҰҒЫР» Республикалық педагогикалық олимпиадасы

«АЛТЫН ТҰҒЫР»  Республикалық педагогикалық олимпиадасы

Ағымдағы жылдың 5-6 қаңтар  аралығында Шығыс Қазақстан облысы  бастауыш сынып педагогтерінің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын жетілдіру мақсатында  бастауыш сынып ұстаздары арасында математика пәні бойынша «Алтын Тұғыр» педагогикалық олимпиадасы өткізілді.

Аталған  республикалық педагогикалық олимпиадасында  Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғап, кәсіби іс-тәжірибелерімен бөліскен  ұстаздарымыз жеңімпаз атанып, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің   дипломдарымен марапатталды.

Атап айтқанда:

ІI орын иегерлері – Щипкова Наталья Алексеевна, ШҚО ББ Риддер қалалық білім бөлімі бойынша «Д.Кунаев атындағы №3 орта мектеб» КММ; Тукубаева Толқын Толеухановна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша «А.Байтурсынов атындағы №20 орта мектебі»  КММ мұғалімдері.

ІІI орын иегерлері – Чиркина Ольга Михайловна, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша «№10 мектеп-гимназия» КММ; Краскова Татьяна Юрьевна, ШҚО ББ Катон-Қарағай ауданы бойынша «Үлкен Нарын орта мектебі» КММ; Нуксарина Альмира Кабдуалиевна, ШҚО ББ Алтай ауданы білім бөлімі бойынша «Алтай  қаласының №9 орта мектебі» КММ мұғалімдері.

Глубокое аудандық білім бөлімі бойынша «Опытное поле орта мектебі» КММ мұғалімі Омарова Марияш Сейтеновна, ШҚО ББ Катон-Қарағай ауданы бойынша «Қызыл-Жұлдыз негізгі мектебі» КММ мұғалімі Кайырдолдина Гульфайра Нургуметовна ерекше мадақтамаға ие болды.

ШҚО ББ Күршім ауданы білім бөлімі бойынша «№3 Күршім гимназиясы» КММ мұғалімі Кисанова Жанар Юсифовнаға қатысушы сертификаты берілді.

Республикалық олимпиада мәресінде жеңімпаз атанған ұстаздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!