
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2022 жылғы 20 желтоқсанда «Көркем еңбек пәні бойынша мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында облыстық онлайн-семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты - педагогтердің шығармашылық әлеуетін жандандыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша балалармен жұмыс істеу тәсілдері туралы білімдерін кеңейту, әдістемелік қолдау көрсету.
Семинар барысында: Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Д.М.Карбышев атындағы Первомай жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы» кешені КММ көркем еңбек пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Селиванова Галина Викторовна «Активные методы обучения на уроках художественного труда в школе» тақырыбында қолданатын әдіс-тәсілдермен таныстырды;
ШҚО білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ көркем еңбек пәнінің мұғалімі, педагог-модератор Бақыт Жаннұр Бақытқызы «Көркем еңбек сабағында ӨТШТ (Триз) педагогикасын қолдану тәжірибе негізінде» тақырыбында пайдаланатын жұмыс түрлерін, әдіс-тәсілдерін, нәтижелерін ортаға салып, іс-тәжірибелерімен бөлісті;
Риддер ауданы бойынша білім бөлімінің «№16 орта мектебі» КММ көркем еңбек пәні мұғалімдері, педагог-сарапшы Галиева Лариса Фёдоровна және педагог-модератор Ярич Яков Викторович «Каким образом сделать уроки художественного труда более привлекательными для учеников» тақырыбында шеберлік сыныптарын ұсынды;
Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Билялов атындағы мектеп-лицейі» КММ көркем еңбек, кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәндерінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, Кожахметова Шынар Маратовна «Көркем еңбек пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі - нәтижелі білім негізі» тақырыбында «Төңкерілген оқыту» әдісімен таныстырды;
Риддер ауданы бойынша білім бөлімінің «№2 орта мектебі» КММ беретін мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі, жоғары санатты Величкина Виктория Владимировна «Профессиональная компетентность учителя художественного труда как фактор повышения качества учебно-воспитательного процесса» тақырыпта балалардың шығармашылығын арттыру жолдары бойынша өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті.
Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысқан ұстаздар спикерлерге алғыстарын білдіріп өткен іс-шараның өзектігілігін атап өтті. Модератор-ШҚО ББ «Шығыс» ОӨ Кемельбаева Ш. Оқыту мазмұны және білім сапасы мониторингісі кабинетінің әдіскері.